Бизнес және экономика

Салық мамандары ескертеді

 

 

 

 

Жыл басында міндетті түрде өтелуі тиіс төлемдердің бірі -корпоративтік табыс салығы бойынша аванс жасау. Жылдың бірінші тоқсаны үшін алдын ала корпоративтік салық туралы есеп қаңтардың 20-на дейін тапсырылуы тиіс.

  Жібек Клюкова, СҚО салық департаментінің бас маманы:

-Корпоративтік табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық органына 20 қаңтардан кешіктірмей, аванстық төлемдер есебін жасаулары тиіс.  

Корпоративтік табыс салығы салынатын кәсіпорындардің тізімі бұл күндері нақтылануда. Өткен жылы облыстағы 156 кәсіпорын 630 миллион 485 мың теңгенің корпоративтік салығын аударған.

  Жібек Клюкова, СҚО салық департаментінің бас маманы:

Тапсырмайтын салық төлеушілер де бар. Олар – жылдық жиынтық табысы айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшерінен аспайтындар. Сонымен қатар жаңадан құрылған салық төлеушілер.  

Сондай -ақ жаңадан тіркелген резидент емес заңды тұлғалар , қызметін филиал ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын кәсіпорындар да тіркеуден өткен және келесі жылы салықтың бұл түрінен босатылған.

Әсем Сембина