Билік

Көпбалалы аналар марапатталды

 

 

 

 

 

Қалалық Мәдениет үйінің жаңа залы ақжаулықты аналардың жарқын жүздерімен әрлене түсті. Нәзік жандар қоян жылы басталғанда зор құрметке бөленді.
Қанипа Бекхожина 6 баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп жеткізді. Еңбегі мемлекет тарапынан еленіп, бүгін ана салтанатты түрде күміс алқаны кеудесіне тақты.

  Қанипа Бекхожина, күміс алқа иегері:
Оқыттым, өсірдім.Қазір өсті, тәуба, немере-шөберелерім бар.

Қазір  нақты қанша немеренің қызығын көріп отырғанын Қанипа апай өзі білмейді. Есесіне немересі Алуа асыр салып бірге ойнайтын барлық бауырларын түгел тізіп берді.
 Ал Айтбике Ысқақованың ерекше мейірімді жүзінен балажандылық қасиетін жазбай тануға болады.  Әжей өмір бойы мектепте жұмыс істеп, үйде өз балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөлген.  

  Айтбике Ысқақова :

-Жалғыз бала жетім ғой, аз дегенде 3 бала болуы тиіс. Өскенде бір-біріне жанашыр болады. Сондықтан бір үйге қонаққа барғанда апама, ағама бардым дейді ғой.

Сүйікті әжесінің жолын оның алғашқы немересі  Жанна жалғастырамын деп құлшынып отыр. Болашақ ана сәби сүюден артық өмірде бақыт жоқ дейді.

  Жанна Долгиева:
 – Алла   берсе,  болсын, мен қарсы емеспін. Бала – ол Алланың сыйы ғой.

Аналарды марапттауға арналған салтанатты жиын концертке ұласты.

 Кәусар Аяпбергенқызы