Әр түрлі

Қаңтар айы аязды болады

 

 

 

 

 

 

Облыс қазіргі уақытта Сібір антициклонының құрсауында тұр. Сондықтан аязды күндер айдың соңына дейін сақталмақ. Алғашқы екі онкүндіктің ортасы және айдың аяғына таман дауыл соғып, боран күшейеді дейді мамандар.

 Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорология орталығы метеоболжам бөлімінің бастығы:
-Ауа температурасы түнде облыс бойынша 30-35, кей жерлерде 25-27 градусқа дейін аяз болады. Күндіз облыс бойынша 20-25, кей жерлерде 15-17 градусқа дейін аяз сақталады.

Қыстың қаһарлы күндері такси қызметіне  сұраныс 50 пайызға артқан. Бірақ аязға төтеп бере алмаған жеңіл көліктер істен шығып қала береді. Сондықтан тұтынушыларға такси шақыру  қиынға соғып отыр.

  Дәулет Әбдірахманов,  таксист:
Аязда көлік жақсы от алмайды. Сол себепті аккумуляторды үйге кіргізуге тура келеді. 5-қабатқа көтеріп түсіріп отырамын. Басқаша машина тұтанбайды.

Қоғамдық көлікті күтіп тұрған азаматтар қақаған аязда автобустар да сирек жүретін болды дейді.
 

Тұрғындар:
-Аязды күндері жиі жүру керек.
Дегенмен көп күтеміз. Таңертең тіпті қиын.
12-1-дің кезінде қоғамдық көлік мүлдем жүрмей қалады. Бұл түскі ас ішетін уақыт болғандықтан ба, аялдамада тоңып қалатын болдық.

Ал кей солтүстікқазақстандықтарға  қыстың суығы үйреншікті жәйт. Мұндай жерлестеріміз бір ауыздан аязды күндер өңіріміздің климатына тән екендігін айтады.
 

Тұрғындар:

Ауа райы оңды. Денсаулыққа оңды.  
Бізге суық жоқ. Үйренгенбіз біз. Балаларға қиын.  
Қалыпты, суық. Қалың киінген жөн. Пима кию керек.

Жалпы ауа райын болжаушылар облыста қаңтар айы 2006  жылы өте суық болғанын айтады. Кей күндері ауа температурасы 43,4 градус аязды көрсетіпті.

 Айдана Демесінова