Бизнес және экономика

Теңге тұрақты

 

 

 

 

 Ұлттық валютаның бағамын қадағалап отырған банкирлер қауымы өткен жылдың теңге үшін сәтті болғанын айтады. Төл теңгеден девальвация аулақ болып, 2010 жылға болжанған “дәліз” сақталды.

  Жомарт Қажырақымов,  ҚР Ұлттық банкі СҚ филиалының директоры:

-Сұраныс пен ұсыныс тең болды деп айта аламыз. Өткен 11 айда 16 пайызға долларды көбірек саттық. Ол жылдағы жағдай. Орташа бағам 147,35 тиынды құрады. Ұлттық банк белгілеген  коридор 2,5 пайызға ғана өзгерді.  

1999 жылдың соңынан 2009-дағы атышулы девальвацияға дейін “еркін жүзуде” болған теңгеге “дәліз қойылып”, тұсау салынған еді. Бірақ үстіміздегі жылы сол дәліз алынып тасталмақ. Дегенмен мамандар қаржы нарығында өзіндік орын алған теңгеден безудің қажеттігі жоқтығын айтады.

  Жомарт Қажырақымов,  ҚР Ұлттық банкі СҚ филиалының директоры:

– Шикізат бағасы өсті. Алдағы уақытта келетін қаржы көлемі де өседі. Сондықтан 20 марттан бастап теңгені коридордан шығарып отыр. Теңгені жіберсек те валюта басқаруда болады. Себебі, қаржы нарығында ҰБ қатысады.

Сонымен теңге тұрақты қалмақ. Ал сұраныс бола қалған жағдайда, кез-келген валютаны айырбастап беретіндей облыста қор бар көрінеді. Сол сияқты  жаңа жылда банктегі салым мен қолдағы қаржыны сақтау амалы да өзгермепті.

  Жомарт Қажырақымов,  ҚР Ұлттық банкі СҚ филиалының директоры:

-Ұтылмау үшін өз ақшамызды теңгемен сақтау керек.

Ал қажет кезде кез-келген көлемдегі валютаны айырбастауға болады. Валюта сату- сатып алумен айналысатын мекемелер саны облыста 130- ға жетіп жығылады.

Әсем Сембина