Денсаулық сақтау

Мереке күндері ауруханаға түскендер күрт көбейді

 

  

 

 

 

Жаңа жылға қараған түні 3-ші қалалық ауруханаға 200-ден астам қала тұрғыны жәрдем сұрай келген. Оның 8-інің жағдайы нашар болғандықтан  емдеу мекемесіне бірден жатқызылған.  Қаңтардың 1-і мен 3-і күндері дәрігерлер саны да еселеніпті. Науқастар   қатары тым қалың болғандықтан ақ халатты жандар кезекшілікке 3 адамнан тұрған.

  Михаил Харламенко, № 3 қалалық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі:
 -Жаңа жыл мерекесінде келіп түскен науқастардың 10 шақтысы денесін үсіткен.
30-ы далада араққа тойып алып,  ес-түссіз қалғандар. Басқалары көк тайғақтан жапа шеккендер. Олар түрлі дене жарақаттарын алған.

 Науқастардың біреулері мереке күні   ащы суға тойып алып, төбелес  үстінде  пышақ жарақаттарын алса, біреулері мас күйінде далада ұзақ жүріп , денелерін үсік шалғанын сезбей қалыпты. Наталья Сычованың тұрақты мекен-жайы жоқ. Тағдыр тәлкегіне ұрынып, қаңғып жүрген ол аязды күндері пана таба алмаған. Енді Натальяның бақайларына ота жасалатын болды.

  Наталья Сычова:
 – Менің тұрақты мекенім жоқ. Жылу құбырының үстінде жылынып көрдім. Өкінішке қарай, күн қатты суытып кетті. Осылайша бақайларымды үсік шалды.

Науқастардың арасында көктайғақтан жапа шеккендер де көп. Антон Пудовкин – Аққайың ауданының тұрғыны. Желтоқсанның 31-і далаға серуендеуге шыққан ол шалынып құлап, жіліншігін шығарып алған.
 

 Антон Пудовкин:
 -Мен ауруханаға ауданнан жеткізілдім. Қалай екенін білмеймін, әйтеуір байқаусызда шалынып құладым. Сәтін салып, қалаға көлік табыла қалды.

Дәрігерлердің айтуынша,  мұндай жағдайлар  қыс мезгілінде, әсіресе  жаңа жыл мерекесінде күрт кбйеді екен.  

Гүлден Сәрсенбаева