Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы жыл қорытындысы

 

 

 

Қазақстан үшін 2010 жылы халық саулығын сақтаудағы басты қадам бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу болды. Жаңа бағдарлама еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың сапасын арттыруға көмегін тигізді.

 Владимир Безлер,  СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары м.а:

-Алдымызда медициналық қызметтер үшін орталықтандырылған мемлекеттік ақы төлеу моделін құру жоспары тұрды. Пациенттерге өздерін емдейтін дәрігер таңдау мүмкіндіктері жасалды. Медициналық қызмет көрсету саласының бәсекеге қабілетті болуы үшін түрлі шаралар қарастырылды.

Араға бір жыл салып, солтүстікқазақстандық дәрігерлер ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің сәтті жүзеге асырылып жатқанын айтады. Өткен жылы 400-ден аса облыс тұрғыны өздері дәрігер таңдаған. 50 адам республикалық медициналық орталықтардағы жоғары білікті мамандарға көрінді. Жаңа жүйе аудандардағы медициналық қызмет көрсету сапасына да оң әсер етті.

Владимир Безлер,  СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары м.а:

-Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің дамуы – ол да өткен жылдың үлесінде. Бұл жылы төрт медициналық орталық кеңінен көмек көрсетті. Арнайы топтар құрамына нейрохирургия, кардиохирургия, травматология, келесі жылы гинекология, онкология бойынша мамандар енгізілген. Бұның барлығы халыққа қызмет көрсету саласындағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін жасалған шаралар.

2010 жылы дәрігерлер 65 рет қолқа тамырына, 20 рет эндопротездеу бойынша ота жасады. Бұл жұмысты шетелде біліктіліктерін арттырған өзіміздің мамандар атқарды.  Дәрігерлер ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін сапалы енгізумен қатар облыста туберкулезге шалдыққандар қатары 19, онкологиялық науқастар 1,4 пайызға азайғандығын айтады.

Әсем Сембина