Балалар

Қаржы полицейлерінің қайырымдылық шарасы

 

 

 

Қаржы полицейлері мұндай игі шараны 10 жылдан бері дәстүрге айналдырған. Интернат тәрбиленушілері де қуанышты сәтті асыға күтеді.

  Гүлнұр Қадырова,  Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің кадрлар бөлімінің аға инспекторы:
– Әр жылы мұндай балаларға қуаныш әкелу біз үшін дәстүрге айналып отыр.
Әр жылы сыйлықтар сыйлап отырамыз. Биыл 16 бала келіп отыр. Жетім балаларды қолдап,  оларды қуанту біз үшін үлкен іс-әрекет.

Бұл балалар өз алдына үлкен отбасы. Олар шаңырақтарын «Жеңімпаздар» деп атапты. Сәуле Мұқанова отбасының белсенді мүшесі. 8 сынып оқушысы болашақта жақсы маман иесі болып, әке-шеше қамқорынсыз қалған балаларға барынша көмектесетінін айтады.

  Сәуле Мұқанова,  жетім және әке шеше қамқорынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының оқушысы:
Біздің шефтарымыз бізді жыл сайын мына жерге әкеліп жүреді. Мен мұнда 1-рет келдім. Қуаныштымын.  Шефтарымызға көп бақыт, денсаулық тілеймін. Бұл күн маған бақыт күні болып тұр.

Балалар сыйлықтар алып, жаңажылдық тәттілерге қарық болды. Жүзі қуаныштан бал-бұл жанған жеткіншектер қаржы полицейлеріне алғыс  білдірді .
 
 Айдана Демесінова