Өнеркәсіп

Солтүстік Қазақстан облысы 2010 жылды табысты аяқтады

 

 

 

 

Бүгінде  «ЗИКСТО» зауыты республикада вагонжасау саласы бойынша көш бастап келеді. “Нұр Отан” партиясының осы кәсіпорындағы бастауыш  ұйымының есеп беру-сайлау жиынында өндіріс мәселелері де талқыға түсті.

 Сергей Кириенко,  бастауыш партия ұйымының төрағасы:
– Вагон құрастыру цехын қайта қалпына келтіріп, темір жол торабын тартудың арқасында бүгінде зауытта  вагонның 4 түрі шығарылып жатыр. Оның ішінде жартылай жүк вагондары, контейнер таситын вагондар өндірісін бастадық. Соған қарамастан, әлі де мамандар мәселесі өзекті. Бүгінде жастарды кәсіпке баулып, біліктіліктерін арттыру керек.
 
Жұмысшылардың арасында нұротандықтардың қатары қалың емес. Бүгінде зауытта 1100 жерлесіміз еңбек етсе, 102-сі  ғана партияға мүше. Десек те партияның бастауыш ұйымы құрылған 2007 жылдан бері нұротандықтардың саны 4 есе артыпты. Жиынға  қатысқан облыс әкімі бірінші кезекте бастауыш партия ұйымының  қатарын қалыңдату міндетін қойды.

Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
-Биыл «ЗИКСТО»  зауытына тұңғыш рет қомақты қаражат бөлініп отыр. Бірінші тоқсанда ғана  көлік және коммуникация министрлігінен 4 млрд теңгенің тапсырысы түсті. Енді зауыт қызметкерлерінің алдында күніне 2 вагон жасап шығару міндеті тұр.
 
Жылды сәтті қорытындылаған  нұротандықтардың алдында салмақты міндеттер тұр. Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының 2020 жылға дейінгі бағдарламасының жобасы  талқылануда. Бүгін құжатпен «ЗИКСТО» зауытының қызметкерлері де танысты.  «Нұр Отан»  партиясының міндеттері де елімізде жүргізіліп жатқан  реформалар мен 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес айқындалып отыр.  

 Гүлмира Шоқтыбаева