Әр түрлі

2011 жыл – ақ қоян немесе ақ мысық жылы

 

 Бүгінде Анатолий Богдановта қояндардың 2 түрі бар. Жаңа жыл қарсаңында олардың қатары біршама сиреген, алдағы қоян жылы қарсаңында жануарларға сұраныс өте жоғары. Анатолий салпаң құлақтарды қалай күтіп бастау керектігін жақсы біледі. Сондықтан  сатып алушыларға әрдайым кеңес береді.

  Анатолий Богданов:
– Қояндар өте салмақты келеді. Соған қарамастан, таныстықты құп көретін жануарлар. Ал көпшілік қояндарды сақ, қорқақ аң ретінде қабылдайды.

 

Сонымен қатар келесі жылдың басты кейіпкерлері жүйке жүйесінің қалыпты жұмысына әсер ететін көрінеді.

  Анатолий Богданов:
– Қоян өсірумен 8 жыл айналысып келемін. Бастапқыда Прибалтикадан екеуін ғана әкелдім.
Кейін тағы бірнешеуін сатып алдым. Сөйтіп, бірнеше түрі пайда болды. Жалпы бұл қояндар өте қызық. Оларды баптап, тамақтандырып жүріп, көңілің жай табады.
 

Айта кету керек, кей елдерде 2011 жыл мысық жылы ретінде аталып өтіледі. Мысалы Қытайда алдағы 12 айды мысықпен байланыстырса, керісінше күншығыс елі – Жапонияда қоянға құрмет көрсетіледі. Алайда   ұқсастықтары жетерлік. Мысалы, олардың терісінің мамығы ұқсас. Екі жануар да жоғарыдан төменге төрт табанымен қатар тұрады. Бұл аңдар өте сақ. Осы жылы дүниеге келгендер табиғатынан ақылды болады. Сондықтан 2011 жылы ғылымға ден қойғандар мен өз ісіне немқұрайлы қарамайтындар үшін табысты жыл болады дейді астрологтар. Жаңа жылда жаңа танысулар көбейіп, ескі байланыстар беки түседі. Алдағы жылы жасалатын келіссөздер сәтті жүзеге асады. Жалпы астрологтар қоян жылы аса байыпты, берекелі болады дейді.

Гүлмира Шоқтыбаева