Білім

Ерболат – “ХХІ ғасыр көшбасшысы”

 

 

 

Ерболат Нұрманғалиев «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қатысуды бала күнінен армандаған. Желтоқсанның 1-інде Ерболат облыстық іріктеуден өтіп, апталық сайысқа жолдама алды.

  Ерболат Нұрманғалиев,  Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы:
 – Мен «21 ғасыр көшбасшысына» қатысуды армандадым. Сол арманым орындалып, Алматыға барып, жақсы нәтиже көрсеттім деп ойлаймын.

Ерболат интеллектуалдық жарысқа 16-ақ күн дайындалды. Дегенмен,  білім додасында қарсыластарынан озып шықты.

  Ерболат Нұрманғалиев,  Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы:
 – Мониторинг сараптамадан кейін менде ұпай ең көп екенін көріп, әрине қуандым.
Дипломды бергенде оны жоғары көтердім. Одан басқа маған бас киім, шарф және қолғап берді Азиаданың суреттері бар. Бәсеке деген өте жоғары болады. Облысты республикамен салыстыруға болмайды. Қазақстанның мықты-мықты деген оқушылары жиналып, әрине қиын болды.

Желтоқсанның 1-і күні «Хабар» агенттігінің 2 өкілі өңір білімділерінің арасында іріктеу жүргізген. Онда   120-дан астам оқушы бағын сынады. Нәтижесінде 13 оқушы Алматыда өтетін апталық ойынға жолдама алған. Солардың 7-уі Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат шәкірттері. Еңбегінің жемісін көріп отырған ұстаздар да оқушыларына дән риза.

  Айнагүл Есқалиева,  Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат директорының ғылыми іс жөніндегі орынбасары:
 – Ерболат, әрине, біз үшін үлкен сый жасап отыр. Ерболаттың бұл жеңісіне мектеп ұжымы қуанышты. Үлкен үміт артып жіберген болатынбыз. Сайысқа Ерболат негізінен өзі дайындалды.

Абылайхан Ысқақов – іріктеу кезеңінен сәтті өткен білімділердің бірі. Ол  Ерболаттың қуанышына ортақтасып отыр. 11 сынып оқушысы өзі де білім  ошағының абыройын асқақтататынына үмітті.

  Абылайхан Ысқақов, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат оқушысы:
Көп жылғы үзілістен кейін Ерболат 1-ші болып барып отыр. Барлығымыз қуаныштымыз. Енді Ерболаттың жолын маған берсін деп тілеймін. Қазір өте үлкен дайындық үстіндемін. Логиканы жақсы дамыту керек,  көп еңбек керек.

 Айдана Демесінова