Спорт

Жекпе-жекшілер чемпионаты

  

 

 

 

 

Бауыржан Жандосов ағымдағы жылы ғана спорттың бұл түрімен шұғылдана бастаған. Талабы мен қажырлы еңбегінің арқасында жас спортшы алдына қойған мақсатына жетті. Жарыстан алған жарақатқа қарамай, Бауыржан ақтық сайыста бар күшін жұмсап, жеңімпаз атанды.

  Бауыржан Жандосов, жарыс жеңімпазы:
Жалпы айтқанда, маған 1-орынды алу ондай қиыншылық туғызған жоқ. Бірақ  та қарсыласым өте мықты болды. Оның да дайындығы өте жақсы болды. Осы жарыста көбіне бокс мектебінен алған шеберлігімізді пайдаландық. Сонымен қатар қазақша күрестің тактикасын қолдандық.

Желтоқсанның  25-26-сы күндері өткен ашық чемпионатта 70-тен астам палуан күш сынасты. Олар 4 ауданның және қалалық спорт мектептерінің білектілері. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа іріктелді.

Георгий Емельянов, бас төреші:
 – Көздегеніміз – ел біріншілігіне қатысатын мықты спортшыларды анықтау және ұлттық спорт түрін насихаттау. Бізге Шал ақын, М.Жұмабаев, Қызылжар,  Мамлют аудандарынан палуандар келді.
Сонымен қатар бұл сайыста қалалық спорт мектептерінің шәкірттері бағын сынады.

Жекпе-жек – бокс және күрестің айла-тәсілдерін пайдаланатын спорттың бір түрі. Мәселен, Айдар Есмұқанов  бұрын күрес және дзюдомен айналысыпты.  Жарыста бұрынғы машықтанған амал-әдістерін қолданып, көптеген қарсыласын жықты. Бұл додада Айдар 2-ші орынға ие болды.

 Айдар Есмұқанов, күміс алқа иегері:
 – Бүгін міне, жекпе-жектен жарысқа қатысып тұрмын. Е
ң бірінші жарысым. Міне, жаңа күресіп шықтым. Жеңдім. Қиын болды. 1-2 соққы  бетіме кетті. Мұрным қанап қалды жаңа.

Сайыс жеңімпаздары облыстық құрамаға еніп, өңіріміздің намысын Республикалық чемпионатта қорғайтын болады.

Айдана Демесінова