ТЖ

Құтқарушылар мереке күндері сақ болуға шақырады

   
 

 

 

 

Мереке қарсаңында төрге жаңа жылдың символы саналатын шырша орнатылып, безендіріледі. Бір қарағанда осындай қарапайым ғана шараның өзіне де қойылатын талаптар бар.

Әсет Ысмағұлов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:
– Шыршаны мекеменің ортасына орналастыру керек.   Сонымен қатар ашық от құралдарын қолдануға жол бермеу керек.Өрт сөндіру құралдары әрдайым дайын болу керек.

Өкінішке қарай, жерлестеріміздің барлығы бірдей техникалық қауіпсіздік шараларын ескере бермейді. Соның салдарынан биыл 62 азамат түрлі дәрежеде жарақат алса, 51 адам көз жұмды.

Әсет Ысмағұлов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:
-Аймақта өрт қауіпсіздігі жағдайы өте қиын. 2009 жылғымен салыстырғанда 37 пайызға жоғарылаған. Қазіргі кезде мыңнан астам өрт тіркеліп, оның жалпы әкелген шығыны 720 млн теңгеден астам.

От-шашулар мен ұсақ жарылғыш заттарды дұрыс пайдаланбау да қайғылы оқиғаға әкеліп соғады.  Әзірше облыс аумағында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Бүгінде жабық мекеме ішінде от шашулар мен жарылғыш заттарды қолдануға тыйым салынған. Ал осы ережені бұзған мекеменің басшылығы немесе жеке азаматтар сәйкесінше әкімшілік не қылмыстық жазаға тартылады.

Айдана Демесінова