Билік

«Нұр Отандағы» қабылдау



 

 

 
Хамит Бекішев біздің өңірде 5 жыл көлемінде еңбек етіп келеді. Облыстық прокуратураға басшылық еткен ол  2009 жылғы сәуірдің 27-сінен партиялық жұмысқа ауысқан болатын. Содан бері «Нұр Отанның» облыстық филиалы төрағасының орынбасары    міндетін  абыроймен орындаған Хамит Бекішев енді   өзге жұмысқа орналасуына байланысты бұл қызметтен босатылды.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Облыста оның бастамашылдығымен көп жұмыстар атқарылды.
Партия өкілдерінің қатары артты. Жылдық жарнаның көлемі де молайды. Ауқымды жұмыстың бірі – Аққайың және Мамлют аудандарында аудандық партия бөлімшелерінің ғимараттары іске қосылды. Жергілікті филиалдың материалдық-техникалық базасы нығайды.

Бүгін  партия ғимаратында Хамит Бекішевке  Құрмет грамотасы табыс етіліп,  жергілікті қылқалам шеберінің картинасы сыйға тартылды.  Осы күні  партия ғимаратында облыс әкімі азаматтарды қабылдады. Үстіміздегі жылғы соңғы қабылдауға 7 жерлесіміз жазылған. Қызылжар ауданы Новокаменка селосының тұрғыны  Валерий Белодед  облыс әкімінен шағын кәсібіне қолдау көрсетуді сұрады. Астау дайындайтын шебер кәсібін дөңгелету үшін несие керек дейді. Шағын бизнеске қолдау көрсетуді “СҚО кәсіпкерлері лигасының” атқарушы директоры Марат Нұрғалиев та сұрап отыр. Ұйым жетекшісі Ассамблея құрамындағы түрлі ұлт  шеберлерінің  басын қосатын жобаны қолға алуды ұсынуда. Осылайша он саусағынан өнер тамған ұста, ісмерлер түрлі халықтардың ұлттық бұйымдарын жасайтын болады. Серік Біләлов бұл жобалаларды жүзеге асыру келесі жылдың еншісінде екендігін атап өтіп, өз орынбасарларына тиісті тапсырмалар берді. Ал Алтынай Айтқазина өңір басшысынан баспана мәселесін шешіп беруді сұрады.  

 Гүлмира Шоқтыбаева