Спорт

Азиадаға арналған сайыс

 

 

 

Жеткіншектер алдымен 24 елдің ең үздік спортшыларын біріктіретін жетінші қысқы Азия ойындары туралы толыққанды ақпарат алды. Олар слайд арқылы қала көшелерін бойлай ілінген логотиптерді тамашалап, жарыстың бас символы – барыспен жүздесті. Ақпараттық-танымдық шарадан соң жеткіншектер жарыс алаңына шықты. Айта кету керек, сайыс Азиаданың барлық спорт түрлерін қамтыды. Тапсырмаларды дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Галина Ярышева ойластырыпты.

  Галина Ярышева,  “БЭСТ” гимназиясының дене шынықтыру пәнінің оқытушысы:
– Біздің ұйымдастырып жатқан жарысқа 5 “а”, “б”, “в” сыныптары қатысуда.
Әр топта 10 адамнан. Бұл олимпиаданы ұйымдастырудағы мақсатымыз жастарды Азия ойындарымен, ондағы жарыс түрлерімен жақынырақ таныстыру.

Спорттық сайыстың бірінші кезеңінде  Азия ойындарының алау эстфетасына байланысты тапсырма берілді. Алғашқы турды 5 “в” сыныбы бәрінен де шапшаң орындап, мәреге бірінші болып жетті. Келесі кезеңде жастар шайба ойнап, шаңғы тепті. Сайысты облысымыздың белгілі спортшысы, жеңіл атлетика шебері Елена Парфенова бағалады. Елена  – қаңтардың 21-і өтетін алау эстафетасына қатысушылардың бірі. Ол өскелең ұрпақ арасында ел өміріндегі аса маңызды шараны кеңінен насихаттау керек дейді.

  Елена Парфенова, төреші:
 – Біздің елімізде Азия ойындары алғаш рет өткізіліп жатыр. Ол Қазақстан үшін өте маңызды. Себебі осы сайыс арқылы біздің мемлекетімізді барлық әлем таниды. Жалпы жастар жергілікті спортшыларды білуі керек. Осы орайда бүгінгі жарыстың ұйымдастырылып жатқаны өте орынды.

Сайыскерлер  жарысқа тура Азия ойындарына қатысып жатқан спортшылардай аса үлкен белсенділікпен атсалысты. Әр команда өз күштеріне нық сенімді.

Балалар:

Спорт біздің денсаулығымызға пайдалы. Сондықтан спортпен шұғылдануға ерінбеу керек.
Маған бүгінгі жарыстың қарқыны ұнайды. Енді біз қай сыныптың мықты екенін анықтаймыз.

Гүлден Сәрсенбаева