Құқық қорғау органдары

Алаяқтар тобы әшкереленді

 

 

 

 

 

Облыс орталығындағы серіктестіктердің бірінің директоры мен орынбасары қариялардың сеніміне еніп, алдап кеткен. Айлакерлер тиын-тебен санап жүрген қарияларды пәтерлерін кепілге беріп, үлкен сомада несие алып беруге көндірген. Көмектері үшін алған қарыздарын еселеп қайтарамыз деп қызықтырған. Мақсаттарына жеткен алаяқтар уәдені орындамайды. Осылай оңай жолмен ақша табуды көздеген кәсіпкерлер арам істерін 3 жыл бойы жүзеге асырып келген. Осы уақытт талай адам алданып, сан соққан.

  Абай Оспанов, СҚО ІІД ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі:

 -Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталғанындай, 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап үстіміздегі жылдың тамыз айына дейінгі  аралықта алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінен Петропавлдың 16 тұрғыны жәбір көрді. 10 отбасы өз баспаналарынан айрылды. Сезіктілер жәбірленушілерге 40 000 000 теңге көлемінде шығын келтірді.

Тәртіп сақшылары бұл қылмыстарға тағы да бірнеше адамның қатыстығын анықтады. Ал ұйымдасқан топ     заңсыз істерін қарызды уақтылы өтеудің мүмкіндігі болмай қалды деп түсіндіруде. Қазір бұрын басы істі болмаған серіктестік директоры тергеу абақтысына қамауға алынды. Оның сыбайластарына қатысты да тергеу амалдары жүргізілуде. Айыпталушылардың әрекеттерінен жапа шеккен басқа да адамдар болуы мүмкін. Сезіктілердің үстінен ҚР ҚК 177- бабының 3- тармағы «ірі мөлшерде алаяқтық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Жеңіс Ермұқанов