Мәдениет

Жаңажылдық көрме

 

 

 

 

Бұл жерде қыс, жаңа жыл тақырыбына арналған сан алуан туындылар қойылыпты. Көрменің басты мақсаты – балаларға қыс мезгілінің шынайы әсемдігін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау дейді ұйымдастырушылар. Бейнелеу өнеріне бейімі бар балалар үлкен шеберлікпен орындалған шығармаларды асқан қызығушылықпен тамашалады. Әсіресе, оларды “Әже шыршасы” көрмесі баурап алды. Бұл жерде оқушылар бұрынғы заманғы шырша ойыншықтарын, ашық хаттарды, суреттерді байқап көрді. Жаңажылдық көрме қаңтар айының аяғына дейін жұмыс істейді.

Айымгүл Әбілева