Мәдениет

Өнер мектебінің мерейтойы

 

 

 

 

 Әкежан Еркенов – бірінші өнер мектебінің бетке ұстар оқушыларының бірі. Талай конкурстарға қатысып, жеңісімен ұстаздарын әрдайым қуантып жүреді. Домбыра ансамблінің мүшесі болашақта қазақтың қара домбырасының қыр-сырын меңгеріп,   үлкен сахнадан өнер көрсетуді армандайды.

Әкежан Еркенов, №1 өнер мектебінің оқушысы:
Домбыра сыныбында, 4-класта оқимын. Маған өте ұнайды домбыраға бару. Арманым – концертте ойнау, әр түрлі конкурстарға қатысу.

Кезінде 30 шәкіртті 1 ескі пианиномен оқытқан білім ошағы бүгінде қажетті музыкалық аспаптармен толық жабдықталып, іргелі оқу орнына айналған.

  Владимир Калганов,  №1 өнер мектебінің директоры:
1945 жылдың  25 желтоқсанында біздің мектеп құрылды. 2 сыныптық білім мекемесін Петербург, Мәскеу қалаларынан репрессияланған музыканттар ашты. Ол кезде 30 оқушы тәрбиеленетін. Қазір біздің мектеп оқытушылары олардың дәстүрін жалғастыруда.

Кейінгі толқынды өнерге баулып жүргендердің бірі – Бибінұр Мейірманова. 1-ші дәрежелі оқытушы домбырадан дәріс береді. 7 жылдық қажырлы еңбек жолында Бибінұр Мейірманова көптеген дарынды жастарды өнердің үлкен жолына аттандырған.

  Бибінұр Мейірманова, №1 өнер мектебінің оқытушысы:
 – Мектеп маған өте ұнайды. Осы мектепке келгелі әр түрлі жетістіктерге жетіп жатырмыз. Оқушыларым көп конкурстарға қатысып жатыр. Дәулетов Дәурен деген 40-шы облыстық конкурста 1-орын алған. Ол бітіріп кетті. Фестивальдарда 1-орын алып жатырмыз.

Жиылған жұрт мерекелік концертте мектеп тәрбиеленушілерінің өнерін тамашалады.
 
 Айдана Демесінова