Әр түрлі

«Үй докторы»

 

 

 

Өз денсаулығына салғырт қарамай, ем іздегендер үшін дәріханада қажеттінің бәрі бар. Мұндағы құрылғылар мұрын ауруынан бастап, тірек-қимыл жүйесіне дейін емдей алады дейді көрмені ұйымдастырушылар. Әрқайсысын үй жағдайында қолдануға болады. Мәселен, термопияға арналған «Теплон» құрылғысы бірден бірнеше дертке қарсы күресетін көрінеді.

Сергей Примаков, ҚР бойынша Елатом зауытының   өкілі:
Мұны мұрын, құлақ сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолданған жақсы. Балалар ауырғанда да емдеуге қолайлы.

Көрмеде барлығы 5 құрылғы ұсынылған. Қажет болса әр адамға ол туралы кеңірек айтып, дұрыс қолдану тәсілін көрсетіп береді. Мәселен, «Фея» аппараты тонзиллит, синусит, ринит, фронтит, тіпті кеңсірік ауруынан арылтуға септесе алады. Ал «Магофон» – стоматологиялық, гинекологиялық, демалу және ішкі органдар ауруларының алдын алу үшін қажет құрал. Аталмыш зауыт өнімдерінің Қазақстан рыногында пайда болғанына 10 жыл. Осы уақыт ішінде “Алмаг” пен “Мавит” өнімдері өздерін тек жақсы қырынан көрсете алған екен.

Сергей Примаков, ҚР бойынша Елатом зауытының  өкілі:
«Алмаг» шорбуын, хондроз, варикоз ауруларын емдейді. Ал «Мавит», созылмалы простатитке қарсы жақсы ем.

Бұл өнімдер Пушкин көшесі, 69 мекен-жайында орналасқан «Здравствуйте» дәріханасында сатылады. Аламын деушілерге оны өндірушілердің бағасы бойынша сатып алуға мүмкіндік бар.

 Кәусар Аяпбергенқызы