Билік

Қазақстандықтар Президент Н.Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуды қолдайды

  

 

 

 

 

 

Аталған жиынды өткізу туралы бастаманы шығысқазақстандықтар көтеріп, оған еліміздің 14 облысы, Астана және Алматы қалалары қолдау көрсетті. Сөйтіп, Өскеменде ұйымдастырылған маңызды басқосуға 850-ден астам адам келді. Олардың арасында депутаттар, танымал қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, әскерилер мен студенттер бар. Қазақстан халқы өздері үшін маңызды істерді Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асыруды қалайды. Сондықтан олар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы жалпыхалықтық референдум өткізу дұрыс деп санайды. Өскемендегі жиынға қатысып қайтқан жерлестеріміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін ұзарту туралы идея бүгін туған жоқ  дейді. Көптің қалағаны да осы. Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетімізді қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Елбасының стратегиялық көрегендігі мен батыл әрекетінің арқасында Қазақстан аз уақыт ішінде КСРО тараған кезде шетте қалған республикалардың арасынан суырылып шығып, посткеңестік кеңістіктегі көшбасшыға айналды.

Григорий Кухарь, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Бүгінгі күні елімізде Президентке бәсеке туғызатын адам жоқ. Көшбасшыны тәрбиелеу керек. Ол уақытты талап етеді. Өткен 18 -19 жыл аз уақыт. Ол кезде
Елбасы халықтың қамын жеді. Жаңадан мемлекет тұрғызды.

Президент сайлауы болса Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың 90 пайыз дауысына ие болатыны сөзсіз. Жастар мәселесіне ұдайы көңіл бөлетін Елбасын кейінгі толқын сөзсіз қолдайды дейді СҚМУ студенті Елена Косенкова.

Дана Ғизатова