Қылмыс

Полицейлердің сауда орындарына рейді

    

 

 

 

 

Жаңа жыл мерекесін әркім барынша көңілді қарсы алуға тырысып бағады. Ал от-шашулар мен ұсақ жарылғыш заттар, жасыратыны жоқ, бүгінде мерекенің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Алайда оның денсаулыққа тигізер қаупін халықтың бәрі елей бермейді.

 Жомарт Абылаев,  қалалық лицензиялық рұқсат ету жүйесі бөлімінің бастығы:
 –  Оны алған жағдайда сәйкес мерзімін, қолданылуын қарап шығу керек. Әсіресе, балаларға қатысты абай болыңыздар.

Бір қызығы, көзделген заттар тексерушілердің көзіне шалынбады. Бәлкім, әлі саудалауға ерте болар немесе алдын алу шаралары оң нәтижесін бере бастады ма, қауіпті заттар базар сөрелерінен табылмады.

  Асхат Ержанов,  қалалық ТЖБ бас маманы:
– Бұған қатысты біз көп жұмыс атқардық.
Былтыр рұқсатсыз өнімдердің ірі партияларын таптық. Енді бүгін оның нәтиже бергенін көріп отырмыз.

Былтыр заңсыз пиротехникалық өнім сатудың 5 фактісі анықталған болатын. Заңды бұзғандардың барлығы әкімшілік кодекстің 357- бабына сәйкес жазаланды. Негізінен мерекені әрлендіреміз деп жарылғыш затқа әуестік танытатын тұтынушылар сақ болуды ойлағаны абзал дейді мамандар.

 Кәусар Аяпбергенқызы