Білім

SMS-күнделік

  

 

 

 

 

 

 Көптеген ата-аналар күнделікті нәпақасын табамын деп жүргенде баласының оқу үлгерімін тексеруді естен шығарып жатады. Осы орайда республика бойынша хабарлама күнделік жүйесі іске қосылды. Аталмыш бағдарлама кез-келген уақытта интернет арқылы баланың оқу үлгерімін бақылауға септеседі. Үш тариф бойынша жұмыс істейтін жүйе тұтынушыға төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді.

  Қамар Есқұлова, Петропавл қаласы “БЭСТ” гимназиясының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі:
 – Хабарлама күнделік біздің ата-аналарымызға зор әсер етеді деп ойлаймын.
Онда мектеп хабарлары келеді. Олар балаларының нәтижесін хабарламадан алады.

Әзірге хабарлама күнделік жүйесі еліміздің Павлодар, Алматы, Атырау қалаларында ғана кең қолданысқа ие. Петропавлда  алғашқылардың бірі болып заманауи жүйеге “БЭСТ” гимназиясы қосылды. Бүгінгі күні жаңа бағдарламаны пайдалануға 32 адам өтініш білдіріпті. 4-уі сапалы қызметтің жемісін көріп те үлгерген. Ата-аналар балаларының оқу үлгерімімен қатар, тәртібі туралы  анық ақпарат алып отыруға қуанышты.

  Гүлмира Ілиясова:
 – Мен екі бала тәрбиелеп отырған анамын. Өзім олардың жақсы білім алғанын қалаймын. Ал мына жүйе олардың оқуын ғана емес, денсаулығын да бақылайды екен.

Оқушылар да сабақ кестесі мен үй тапсырмаларын смс арқылы алатындарын білгенде, ондай жүйе қажет деп шешті.

  Полина Паскеевич, Петропавл қаласы “БЭСТ” гимназиясының оқушысы:
 – Расында да, ақпараттық күнделік жүйесі өте пайдалы.
Кейбір балалар ата-анасымен оқуы жөнінде сырласа бермейді. Ал интернет арқылы біздің оқуымыздың нәтижесін бірден көруге болады. Сонда ата-аналар да баласын уақтылы қадағалап отырады.

Қалалық мектептер арасында жаңа жүйеге қосылуға Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат пен Бірінші  гимназия да тілек білдірген.

Гүлден Сәрсенбаева