Энергетика

Энергетиктер күні

 
 

 

 

 

СҚО-ның өз  жылу-электр орталығы бар. Бұндай мүмкіндік республиканың кейбір аймақтарында таңсық. “СевКазЭнерго” компаниясының арқасында облысқа жылу мен жарық үздіксіз жетіп тұр. Кәсіпорын қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған облыс әкімі Серік Біләлов солтүстіктің аязына төтеп беріп жүрген энергетикердің жұмысына сәттілік тіледі. Компанияның 10 қызметкеріне облыс әкімінің құрмет грамоталары, алғыс хаттары табыс етілді. №2 жылу-электр орталығының аға инспекторы Гүлнар Жарасбаева компаниядағы ширек ғасырдан аса еңбегінің еленгеніне қуанышты.

  Гүлнар Жарасбаева , “СевКазЭнерго” АҚ  № 2 жылу- электр орталығының аға инспекторы:

-Осы ТЭЦ-те істеп жатқаныма 25 жыл. Ветерандарды мерекемен құттықтаймын. Әрқашан жарық болсын.

Компания жыл өткен сайын орталықтағы қондырғыларды жаңартуға, жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемін арттырып келеді. Үстіміздегі жылы 9 қазандық пен 5 турбинада күрделі жөндеу жүргізілді. Келесі жылы бұл бағытқа 7 млрд теңге бөлінбек. Компанияның басқарма төрағасы Игорь Татаров  ТМД  елдері энергетикалық кеңесінің шешімімен марапатталған бірқатар қызметшілерді құттықтады.  Бұл жолы “ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі” атағы Тимирязев аудандық энергия жүйесінің бастығы Василий Лопухқа берілді.

Василий Лопух,  “СевКазЭнерго” АҚ Тимирязев аудандық энергия жүйесінің бастығы:

-Ауа райы әр түрлі болады. Желі бар, жаңбыры, бораны бар. Бірақ әр үйде жылу, жарық әрқашан болу керек. Сондықтан күн-түн демей жұмыс атқарамыз.

Салтанатты кеште осы компанияда еңбек етіп жүрген қызметкерлердің балалары арасында жарияланған суреттер мен шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жиын жергілікті өнер ұжымдарының концертіне ұласты.

 Әсем Сембина