Құқық қорғау органдары

Қаржы полициясының баспасөз мәслихаты

 

  

 

 

 

 

Жыл басынан өңіріміздің қаржы полицейлері сыбайлас жемқорлықтың 72 фактісін анықтаған. Оның 59-ы соттың қарауына жіберіліпті.

 Жанболат Елеукин,  СҚО ЭСЖҚКД тергеу басқармасының бастығы:
 – СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Пыстоговтың ісі сотқа тапсырылды. Ол Г. есімді азаматтан 4 млн. теңге алып, Петропавл қаласы сәулет және құрылыс бөлімінің бастығына бермекші болған жерінен ұсталды.

Парақорлыққа қатысты 15 іс қозғалған. Пара берген  және оны қалтаға басқандармен қатар араларында делдал болған 2 азамат та қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жанболат Елеукин,  СҚО ЭСЖҚКД тергеу басқармасының бастығы:
Сондай-ақ жалған қызметке қатысты – 23, лауазымын асыра пайдаланып, мемлекеттік  мүлікті ұрлаудың – 11, алаяқтықтың 5 фактісі анықталып отыр. Бұл ашылған қылмыстық істердің келтірген залалы 10,6 млн. теңгеге жеткен.

Баспасөз мәслихатында ел экономикасына елеулі нұқсан келтіретін көлеңкелі бизнес иелеріне тосқауыл қойылғаны да айтылды.  Мәселен, Исаков пен Бачурин жетекшілік еткен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған. Оңай жолмен ақша табуды көздеген  айлакерлер облысымызда бірнеше жалған кәсіпорын тіркеген. Сондай-ақ  мемлекетке салық төлемей,  8 млрд. теңге мөлшерінде залал келтіріпті. Лақап бизнесмендер заңсыз жолмен тапқан қаржыларын банктен алып жатқанда кісенделді. Тінту барысында 43 кәсіпорынның құжаттары мен мөрлері табылды.

 Нұрлан Жахин, СҚО ЭСЖҚКД баспасөз хатшысы:
  – Ағымдағы жылы жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген залал мөлшері 15 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта   128,9 млн. теңгесі мемлекетке қайтарылды. Сотқа 24 қылмыстық іс жіберілді.

Сондай-ақ жыл басынан жеке табыс салығын төлеуден бұлтарып жүрген  кәсіпкерлерге қатысты  66 қылмыстық іс қозғалыпты.

Жеңіс Ермұқанов