Мәдениет

Әзірбайжан мәдениетінің фестивалі

 
 

 

 

 

Петропавл қаласында бүгінде 60-тан астам ұлттың өкілдері сүттей ұйып, бірлікте өмір сүріп жатыр. Олардың әрбірі өз тілі, мәдениеті, салт-дәстүрінен көз жазбай, оны әрдайым жаңғыртып отыруға құқылы. Қатарынан 4 жыл өткізіліп отырған әзірбайжан мәдениетінің фестивалі бұл жолы шақырылған құрметті қонақтарымен ерекше сәнді болды.

  Тахир Гусейнов, әзірбайжан мәдениеті орталығының төрағасы:
 -Осы фестивальдің өтуі Елбасы саясатының арқасында. Біз, әзірбайжан халқы сол үшін Елбасына алғысымызды білдіреміз. Келесі жылы да осындай фестиваль өткіземіз.

Ұлттық нақыштағы әсем киімдер, ән мен би, көркем фильм. Мұның бәрі әзірбайжан халқының  тамаша өнері жайынан сыр шертті.
 
  Закир Гашимов Ариф оглы, Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:
 – Бұл өңірге мен алғаш келіп отырмын. Осындағы халықтың өзімнің қандастарыма деген қарым-қатынасына шексіз риза болып отырмын. Облыстарыңыз тамаша екен.

Петропавлдағы әзірбайжан мәдениеті орталығы барлық әзірбайжанның басын қосып отыр. Олардың арасында қаланың қоғамдық-саяси дамуына зор үлес қосып, кәсіпкерлікті дамытып жатқан азаматтар да бар. Солардың бірі  –  Гюлага Иылдырымов.

  Гюлага Иылдырымов, «Новруз-2030» ЖШС бас директоры:
 -Бүгін біз үшін өте тамаша күн. Өз мәдениетімізді жаңғыртып, мереке күнінде тойлап жатқанымызға шексіз қуаныштымын. Тәуелсіздік күні құтты болсын  

Көңілді әнмен жаңғырған залдың сыртында кішігірім көрме жайғастырылыпты. Одан әзірбайжан халқының тарихы, әдет-ғұрпы, тіпті ұлттық ас мәзірлері жайлы да мол мағлұмат алуға болады.

Кәусар Аяпбергенқызы