Әр түрлі

Мамандығы – ел қорғаушы

 

 

 

 

   

 “Ерлігі үшін” медалі батылдығымен танылып, мінсіз қызмет атқарған азаматтарға ғана тиесілі. Қоғамдық қауіпсіздікті күзетуде ерекшеленіп, арнайы әскери тапсырмаларды бұлжытпай орындап жүрген солтүстікқазақстандық офицер Денис Ткаченкоға Тәуелсіздіктің 19 жылдығына орай осындай мемлекеттік награда табыс етілді.

  Денис Ткаченко,  6637 әскери бөлімінің офицері:
 –  Бұл тек маған ғана емес, бүкіл құрылымға берілген баға деп білемін. Бас қолбасшы медальды беріп тұрып, өжет, еліне адал әскери мамандар барда ел шекарасы берік болады дегенде өзімізге артылған аса үлкен жауапкершілікті сезіндім,  әрі қатты қуандым. Біздің басты мақсатымыз да осы.
Жүктелген тапсырмаларды жылдам әрі нақты орындау. Ол кезде марапат аламын деп ойлайтын да уақыт болмайды.  

10 жылдық әскери қызметінде капитан шеніне дейін өскен күрең береттің иегері Денис сондай-ақ “Қайсар”, “Бүркіт” кеуде белгілерімен марапатталған. Қарамағындағы жауынгерлер де командиріміз “Ерлігі үшін” медаліне  лайық адам деседі.

 Азамат Вырахманов,  6637 әскери бөлімінің офицері:
 – Капитан Денис Ткаченкомен қызметтес болғанынма 2 жыл.
Осы уақытта командирді тек қана жақсы жағынан білеміз. Оқу-жаттығу, арнайы операциялар кезінде өзін жоғары жағынан көрсете біледі және достықты бірінші сатыға қоятын өте бауырмал адам. Жас сарбазды бауырым деп қарсы алады.

Тәуелсіздік күніне орай «Ерлігі үшін» медалімен өз істерінің хас шебері саналатын еліміздің 30 офицері марапатталған.
 

Жеңіс Ермұқанов