Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіске әзірлік басталды

 

 

 

 

 

Қазіргі кезде облыста  ескі трактор мен комбайнға   телміріп отырған шаруашылықтар жоқтың қасы. Қазіргі заманғы  қуатты кешендердің өнімді жұмысын көріп жүрген диқандар техника паркін жаңалап тұруға ден қойды. Оған мемлекет те мол мүмкіндік жасап отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұрлан Биболаев ағымдағы жылы өңір агроқұрылымдары   осы заманғы 480  дана техника сатып алғанын айтады. Оған 8 млрд теңгеден артық қаражат жұмсалған. Құны 2 млрд теңгеден асатын 125 заманауи астық кешенін шаруалар “ҚазАгроФинанс” АҚ арқылы лизингті пайдаланып алған.

 Нұрлан Биболаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
– Соңғы 6 жылда шаруашылықтар 88,3 млрд теңгеге 9 мың  дана жаңа астық кешендерін сатып алды. Жаңа техниканы ірі агроқұрылымдармен қатар ұсақ шаруашылықтар да алуда.

Жалпы облыстағы агроқұрылымдардың техниканы жаңартуға ден қойғанына  6 жыл болды. 2003 жылмен салыстырғанда қуатты тракторлар 1,5 мыңға көбейіп, өнімділігі жоғары комбайндар мен астық кешендерінің саны 874- ке жетті. Тың техниканы пайдалану 2004  жылы 1 тракторға түсетін жүктемені 12 пайызға, сеялканікін – 22 пайызға, астық жинайтын комбайнның жұмысын 12 пайызға дейін қысқартты. Қолданыста жүрген техниканың ақауларын реттеп, көктемгі егіске әзірлеу де маңызды. Күздің соңғы екі айында 1200 трактор шеберханадан өтіпті.

Нұрлан Биболаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
– Шеберханалар іске кірісіті. Барлық аудандарда бар.
Олар біртіндеп жұмысқа кірісуде.

Қазіргі кезде жер емген шаруа үшін маңыздысы ылғал жинау науқанын талапқа сай өткізу. Қар тоқтатуға қажетті техника алқап басына шықты дейді мамандар.

 Дана Ғизатова