Өнеркәсіп

Бәсекелестікті дамыту бағдарламасының тұсау кесері

 

 

 

 

Бағдарлама бес жылға жоспарланған. Оның шеңберінде бәсекелестікті қорғау Агенттігінің өңіраралық инспекциясының мамандары салалық басқармалармен бірлесіп бәсекелестік дамымаған экономика салаларындағы түйіткілді мәселелерді шешу жолдарын іздестіретін болады. Бағдарламаға агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, мұнай өңдеу, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы, энергетика, машина жасау салалары енгізілген. Бұл құжат үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленген.

  Зәуре Нұрмұқанова,  ҚР бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының аумақтық бөлімінің бастығы:
 –  Бүгінгі кездесуге басқарма өкілдері мен кәсіпкерлер шақырылды. Бағдарлама аясында түрлі мәселелер анықталды. Экономиканың түрлі салаларында бәсекелестікті дамыту қажет. Бұл түйіткілдерді жеке Агенттік өзі шеше алмайды. Салалық басқармаларды тартып, бірлесе жұмыс жасау керек. Елбасы экономиканы әртараптандыру міндетін қойған болатын. Бұл ретте бірінші кезекте бәсекелестікті дамыту қажет екендігі сөзсіз.

 Айымгүл Әбілева