Балалар

150 бала Президент шыршасына шақырылды

 

 

 



 

 

Жаңа жыл – балалардың сүйікті мейрамы. Ал осы мерекеде Президент  шыршасына қатысуды  әр бала қалайтыны сөзсіз. Биыл Қайраттың осы арманы орындалып отыр. Қазір ол жаңажылдық  кешке бар ынтасымен дайындалуда. Шыршаға киіп баратын жаңажылдық костюмін таңдап қойыпты. Мерекеге Қайрат “Алтын адам” бейнесінде бармақшы. “Алтын адам”- ұлттық құндылығымыз, ол тәуелсіздігіміздің нышаны дейді 7 сынып оқушысы.

  Қайрат Мунтинов,  № 43 орта мектеп оқушысы:
 – Жыл сайын Президенттік шырша өтеді. Биыл мен осы шыршаға қатысамын. Өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік үшін Елбасына алғысымды айтқым келеді. Болашақта еліме адал қызмет ететін боламын.

Оқушының жаңажылдық костюмін ұстаздар қауымы арнайы тапсырыс беріп тіккізген. Қайрат талапты, оқуда озат, қоғамдық шараларға белсене қатысады дейді мұғалімдер. Сөйтіп, үздік білімі мен үлгілі тәртібін ескеріп, мектеп ұжымы осы жолғы Елбасының шыршасына Қайратты жіберуді ұйғарыпты.

  Роза Бектасова№ 43 орта мектеп директоры:
Біздің мектептің оқушысы Президенттік шыршаға қатысу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз. Бұл құрметке 7 сынып оқушысы Қайрат Мунтинов лайық деп таптық. Ол оқуын жақсы оқиды, өте тәртіпті. Болашағынан зор үміт күттіретін оқушылардың бірі.

Жалпы желтоқсанның жиырма төрті күні өтетін жаңажылдық шыршаға Қайрат сияқты 150 бала қатысу мүмкіндігіне ие болды
 

 Айымгүл Әбілева