Қоғам

Еңбек озаттарына құрмет көрсетілді

 

 

 

 

 

 
“Патриотизм жар салған сөздерден емес, нақты істер мен жауапты қадамдардан көрінуі тиіс»,- деген Елбасының сөзі мұнда жиналған азаматтар үшін басты өмірлік ұстаным болса керек. Әрбір қазақстандықтың еңбегінің арқасында еліміз 19 жыл ішінде көп сыннан сүрінбей өтіп, ауыр сынақтарға төтеп берді.  Марапатқа лайық азаматтар бүгін залдың алдыңғы қатарынан орын алды. Олар: облыс экономикасының өсуіне үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер, өндірісті өркендеткен кәсіпкерлер мен қатардағы қарапайым жұмысшылар, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеген ұстаздар . Қайыржамал Данияровадан тәлім алған оқушылар соңғы 8 жыл бойы қалалық, облыстық олимпиадаларда үнемі жүлдегер атанып жүр. Тәжірибелі ұстаз өз жұмысында инновациялық технологияларды шебер қолданып келеді.  

 

Қайыржамал Даниярова, Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектеп мұғалімі:
 – Бұл марапат біз үшін үлкен міндет. Себебі әрі қарай жақсы қызмет істеуге, елімізге адал ұрпақ тәрбиелеуге міндеттейді, жүктейді.

Марапатталғандармен қатар  мемлекеттік қызметшілер үшін де бүгін есте қалар күн. Олар Отанына адал қызмет етуге қалың жұртшылықтың алдына ант етті. Ал еңбек ардагері , қала әкімі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Александр Липовой алғашқы болып қаланың «Құрметті азаматы» төсбелгісіне ие болған 4 адамның бірі.

  Александр Липовой,  қала әкімі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі:
 – Егемендікті мен қазақ халқының үлкен жеңісі деп білемін. Сол тәуелсіздік үшін күрескен, еңбектенген аға буын бүгінде ең жоғары бағаға лайық. Соны біліп, марапаттап жатқандары үшін шексіз қуаныштымын.  

Салтанатты жиын мерекелік көңілді концертпен аяқталды.

Кәусар Аяпбергенқызы