Әр түрлі

Жас қызметкерлер ант қабылдады

 

 

 

Бұл Дархан Симамбаевтің қабылдап жатқан екінші анты. Алғашында әскерге шақыртылып, жас сарбаз ретінде бейбіт Отанымның тыныштығын қорғаймын деп ант берген ол азаматтық борышын абыройлы орындады. Енді міне таңдаған қызметіне адал боламын деп ант беріп отыр.

 Дархан Симамбаев, ант қабылдаушы:
 – Бұндай ант әр қызметкердің өмірінде бір-ақ рет әрі өмірлік қабылданады.
Сондықтан біз көп дайындалып, біраз қобалжыдық.Енді келешекте осы антымызға берік боламыз. ҚР мінсіз қызмет атқарамыз деп міндеттенеміз.

Салтанатты түрде ант қабалдағандардың қатарында Арман Мейірманов та бар. Ол бұл қызметке тұру үшін ұзақ уақыт әзірленіпті. Әскери борышын өтеп заңгер мамандығын меңгеріп алған.

 Арман Мейірманов, ант қабылдаушы:
 – Ант қабылдағаныма өте қуаныштымын. Осы антыма берік боламын.
  Айтжан Мейірманова:
 – Баламның ант бергеніне ризамын. Өзінің еңбегі, білімі зая кетпей қызметін жалғастырып бізді қуанта берсе деймін.

Жаңа қызметке енді аяқ басқандар өздеріне артылған міндеттің жеңіл еместігін жақсы түсінеді. Тапсырмаларды орындап жүріп, оны өздері талай рет көрді. Адал жұмыс істеуге сөз бергендер өңір аумағындағы түзету мекемелеріне бөлініп, еңбек жолдарын бастайды. Ал олардың тәжірибелі әріптестері мерекеге орай үздік қызметтері үшін медаль, кеуде белгілерімен марапатталды.
 
 Ғани Құбайысов, Шал ақын аудандық ҚАЖ бөлімшесінің бастығы:
 – Менің еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын. Біздің мамандық өте жауапты. Әр уақытта қызметімді адал атқаруға дайынмын.

Сондай-ақ мерекелік кеште қылмыстық атқару жүйесінің 3 қызметкері шені бойынша бір саты жоғарылады. Оның екеуі кезекті офицерлік атаққа ерен еңбегімен мерзімінен бұрын жетті.

Жеңіс Ермұқанов