Білім

Жасұлан Шайхығали – олимпиада жеңімпазы



 

 

Жасұлан Шайхығали Президенттің арнайы тапсыруымен ұйымдастырылған білім додасына 3 жыл дайындалған екен. Қажыр-қайраты мен ұстаздардың көмегінің арқасында оның еңбегі ақталды.

  Жасұлан Шайхығали, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы:
-Президент олимпиадасында 1-ші орын алғаныма өте қуаныштымын. Бұл негізінен менің қадірлі ұстаздарымның арқасында болған.Негізінен мен қиын сұрақтарға дайындалып едім, бірақ оңай сұрақтар келді, сондықтан мен өз білімімді жақсы көрсеттім.

11-сынып оқушысы биология пәнінен өткен республикалық интеллектуалдық  жарыстардан 2 мәрте жеңіспен оралған. Оңтүстік Кореяда өткен білім сайысына да қатысқан Жасұлан бұл жолғы республикалық олимпиада халықаралық дәрежеге сай өткізілгендігін айтады.

 Жасұлан Шайхығали, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы:
– Президенттік олимпиада  халықаралық дәрежеге сай өтті. Оңтүстік Кореяға халықаралық олимпиадаға барған едім. Сонда дәл осындай ұйымдастырушылықты көрдім.Осыны көргенде қатты таң қалдым.

Еліміздің ең мықты 127 оқушысының басын қосқан білімділер додасына облыстан  6 оқушы  қатысқан екен. Солардың 3-уі дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің шәкірттері

  Ахмет Гази Чолак, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің директоры:
 – Біздің мақтанышымыз Жасұлан 1-ші орын алды.Бұл біз үшін, облысымыз үшін үлкен қуаныш деп айта аламыз. Жасұлан биология пәнінен қатысты.Ол ҚР биологиядан  халықаралық олимпиада командасында.
Жасұлан еліміздің, облысымыздың абыройын қорғайды деп сенеміз.

Дарынды шәкірттің ендігі арманы “Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша АҚШ-та білімін жалғастыру. Сөйтіп, биология ғылымына тереңірек үңіліп, елімізде осы саланы дамытуға үлесін қосу.

Айдана Демесінова