Білім

Мәнерлеп оқудан сайыс

 

 

 

 

Конкурсқа қатысушылар  жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінген. Олар өз таңдауымен Есіл өңірінің, ХХ ғасыр ақындарының немесе өздері шығарған туындыларын ұсынған болатын.

  Айгүл Есенғалиева, №1 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
 – Мәнерлеп оқу сайысында № 10 мектепте 88 оқушы қатысты.
Бүгін мәнерлеп оқу сайысының финалы. Соңында жеңімпаздарға мақтау қағаздары беріледі және де сыйлықтар тапсырылады.

Аида Ибрагимова Мұқағали поэзиясы жаныма жақын дейді. Адамның бойын баурап, жүрегін тебірентетін ақын өлеңдерін ол жаттап өсті. Оқушы байқауға да Мұқаңның «Қазақстан» және «Үш бақытым» өлеңін ұсынған екен.

  Аида Ибрагимова , байқауға қатысушы:
 – «Қазақстан» мен «Үш бақытымның» авторы М.Мақатаев. «Қазақстан» тақпағы маған өте ұнайды. Осы мейрамда мен жеңемін деп ойлаймын.

Ақырында Аида алдына қойған мақсатына жетті. Талапты қыз 7-10 жас аралығындағы үміткерлерден озып шығып, 1-орынға ие болды. 11-14 жастағылар арасында Ерболат Әшімов үздік атанды. Ал 15-17 жасар байқауға қатысушылар арасында Гүлнәз Оңғарбаеваның жұлдызы жанды.

Айдана Демесінова