Спорт

Азиаданың алау эстафетасына әзірлік

 

 

 

 Алау эстафетасының басталуына  бір айдай уақыт қалды. Сондықтан келе жатқан шараға байланысты дайындық нәтижелері тексерілуде. Роман Беккерді біздің облысымызда атқарылған жұмыс ауқымы таң қалдырды. Басқа аймақтармен салыстырғанда жедел, әрі сапалы еңбектеніп жатқан солтүстікқазақстандықтар мойындарына жүктелген істі 70%-ға орындап тастаған.

  Роман Беккер, СҚО бойынша 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған алау эстафетасы дирекциясының менеджері:

– Мені таң қалдырғаны, тіпті Явленка тас жолы безендіріліп қойыпты. Әуежайды да аралап қайттық. Алау Астаналық рейспен келеді емес пе? Маған осы аймақ тұрғындарының елеулі оқиғаға деген жауапкершілігі ұнайды.  

Роман Беккер СҚО-на ат басын осымен екінші мәрте бұрып отыр. Алғашқы жұмыс сапарында ол Азиада бағытын өзгерткен еді. Осы жолы жаңа ұсыныстарын ала келген. Білікті менеджер алау эстафетасы жүріп өтетін жолдағы жарнамалық баннерлерді алып тастауды міндеттеді. Көшелерде басқа компаниялар мен фирмалардың суреттері болмауы қажет дейді.

  Роман Беккер, СҚО бойынша 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған алау эстафетасы дирекциясының менеджері:

-Отты шара кезінде барыстың суретінен басқа плакаттарды алып тастау керек. Алдемеушілердің  баннерлерін  тек эстафета бастау алатын және аяқталатын нүктелерге ғана қоюға болады. Оның құрамына «Халық банкі» мен «Митсубиши моторс» кіреді. Бұл алау эстафетасы дирекциясының тапсырмасы. Әзірге, көшелерге жалаушалар мен плакаттарды ілу жұмыстары жүргізілуде.

7-ші қысқы Азия ойындарының символы ретінде барыстың таңдалғаны белгілі. Оның мүсіні  Петропавлда қардан тұрғызылуда. Жақында мүсіндердің қолында мұздан ойылған алау болады. Кейін оған от жағылмақ. Барыстың  мүсіндері Кәрім Сүтішевті түгел бойлай орналастырылмақ. Мұндай ерекше туындыларды оюмен жергілікті мүсіншілер айналысуда. Бұл еңбектер республикалық деңгейде жоғары бағаланып та үлгерді. Ендігі аптада Петропавлда алау мен тостағанды дайындау үшін тендер ұйымдастырылады. Дирекция мүшелері алауды сөндірмей алып жүруде бір мәселенің түбегейлі шешілмей тұрғанын айтады: 20 градус аязда газ, бутан, пропан қосындысы қатып қалуы мүмкін. Бұл жерде тек күн жылы болар деген үміт бар.  Желтоқсанның 25-і алау шеруіне қатысушыларға арнайы костюмдер жеткізілмек. Қаңтардың 16-сы эстафета алдында дайындық өтеді.

Гүлден Сәрсенбаева