Әр түрлі

Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар

 

 

 

 

ҚР Салық Кодексінің 185- бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер жыл сайын жеке табыс салығы мен мүлікке қатысты декларация тапсырып отыруы керек. Ал оны дұрыс толтыру үлгісі 230 формада көрсетілген. Табыс туралы декларация  – мемлекеттік қызметшілер арасында парақорлықты болдырмау мақсатында тапсырылатын құжат. Декларация ескі жыл аяқталысымен, үш ай ішінде тапсырылуы тиіс. Бұл  мемлекеттік қызметшілердің барлығына міндетті шара.

  Жібек Клюкова, СҚО бойынша салық департаментінің салық заңнамаларын  түсіндіру басқармасының бас маманы:
 – Бұл кездесуді біз әрдайым өткізіп отырамыз. Мұнда мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады. Біз қолымыздан келгенше көмектесеміз.

Ағымдағы жылы декларация толтыруға қатысты біршама өзгерістер енгізілді. Бүгінгі кездесу де соны нақтылауға арналған.  Табыс туралы декларацияны алғаш рет тапсыратындар оны толық толтыруылары керек, ал ал келесі декларацияларда қозғалмайтын мүлік, зейнетақы аударымдары және көлік құралдары туралы ақпарат қана беріледі.  
Мемлекеттік органдар қызметкерлері   жиыннан көп пайдалы мағлұмат алып шықты. Мамандардың айтуынша, құжаттарды толтыруға байланысты қысқартулар уақытты үнемдеп, жұмысты қысқартпақ.

  Гүлмира Бекқожина,  СҚО әділет департаментінің бөлім бастығы:
 – Мұндай кездесулердің бізге берері мол. Біз осындай шаралар арқылы шешімін таппай келе жатқан мәселелердің басын ашамыз.

Салық департаментінде өткен жиынға 30-ға жуық мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты. Олар декларация туралы білімдерін толықтырып тарқасты.

Гүлден Сәрсенбаева