Әр түрлі

Жүз жасаған қария

 

 

 

 

Екатерина Желтова бірінші дүне жүзілік соғыс басталғанда 4 жаста болатын. Балалықпен ерте қоштасып, ерте есейді. Біртіндеп өмір бір арнаға түсіп, халық жайлы өмір сүре бастағанда, Ұлы Отан соғысы басталды. Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі. Қария Қазақстанның тәуелсіздігіне де куә болды. Енді ол ұрпақтарының арасында бақытты  қарттықты бастан кешуде. Бүгінгі 100-ші туған күнінде әжені қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы құттықтады.

 Григорий Кухарь , қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
 –  Біз бұл кісінің қуанышына ортақтасуға келдік.
Қала әкімі мен ардагерлер кеңесінің атынан құттықтау жолдадық. Екатерина Филипповнаға әлі де өмірдің мол қызығын тілейміз.

Қадірменді әже Көкшетау облысына қарасты Павловка селосында туған екен.  Ол өмір бойы еңбек етіп, сонысымен кәрілікке бой алдырмаған екен.

 Валентина Казакова, қызы:
 – Анам 90 жасқа дейін үй шаруасының бәрін өзі істейтін.
Себебі мен зейнетке шықсам да жұмыс істеп жүрдім. Ал 95-ке дейін аулада өзі қыдырып, замандастарымен серуен құратын.

Екатерина Филипповна басқа қариялармен салыстырғанда өзінің ұзақ жасауының сырын біледі.

  Екатерина Желтова:
 – Мен ешқашан темекі шеккен емеспін, ащы суды ішпеймін де.  

Қазір көпті көрген қария 5 бала, 8 немере, 8 шөбере және 8 шөпшектің ортасында отырған данагөй асыл әже.

Кәусар Аяпбергенқызы