Ауыл шаруашылығы

Жәрмеңке екі жаққа да тиімді

 

 

 

Облыс орталығындағы азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға негізделген жәрмеңке дәстүрге айналған. Петропавлдықтар ауылдан келетін үй жұмыртқасы мен таза сойылған малдың еті, құнарлы сүт пен майды, көкөністі алуға әр сенбі сайын базарға ағылады. Жәрмеңке қаладағы бес базарда ұйымдастырылады. Саудаға шығарылатын өнім нарықтан 10-15 пайызға арзан.

Нұрлан Биболаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
– Жыл басынан бері 45 жәрмеңке өтті. 315 млн теңгенің өнімі сатылды.

Өнімін қалаға әкеліп, сатып пұл қыламын деген ауыл-сел тұрғындарына  базардан тегін орын беріледі. Онымен қоса өнімдерін жеткізуге де жағдай жасалған. Жалпы ағымдағы жылдың 11 айы ішінде жәрмеңкелер арқылы ауылдықтар 287 тонна ет, 154 мың жұмыртқа, 46 тонна балық, 361 мың тонна сүт өнімін саудалаған. Сондай-ақ малға қажетті жем-шөп те сатылды. Бал жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
 

Нұрлан Биболаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
– 4,5 тонна бал сатылды 3 млн 825 млн теңгенің. Шығыс Қазақстан облысы, Ресейдің бірқатар облыстары, жергілікті бал өндіруші серіктестіктер қатысты.

Дана Ғизатова