Құқық қорғау органдары

Донорлар күні

 

 

 

 Таңертеңнен қан тапсыруға келгендер қалың кезекте тұр. Ынта танытқандардың көбі тәртіп сақшылары. Сырқат жандарға көмек көрсетуді өздерінің азаматтық борышы санайтындар бірінші кезекте сауалнама сұрақтарына жауап беруі тиіс. Кейін донардың денсаулығы алдын ала тексеру зертханасында қаралады.

  Әсел Мұхамеджанова,  СҚО қан орталығының зертханашысы:
Бұл кабинетте біз қан тобын анықтаймыз және гемоглобинді қараймыз. Ер адамның нормасы 130-160-қа дейін, ал әйел адамдарда 120-140-қа дейін болуы керек.

Зертханада саусақтарынан алынған қанның сәйкестігі мен қысымының көрсеткіші локалды желі бойынша терапевке жіберіледі. Дәрігер барлық анализдерді жіті тексеріп , донордың жұқпалы дертпен ауырмайтынын анықтағаннан кейін ғана қан алынады. Әрбірі бойы мен салмағына сәйкес 350-ден 450 миллиграмға дейін қан тапсырады. Ал ағзадағы қан екі айдың ішінде қалпына келеді екен. Мұны СҚО ІІД медициналық қызметінің бастығы Еркін Сералин жақсы біледі. Жылына екі мәрте әріптестері мен жолдастарын ертіп әкеліп маңызы зор істен шет қалмайды.

 Еркін Сералин, СҚО ІІД медициналық қызметінің бастығы:
 -1987 жылдан қан тапсырамын. Денсаулыққа аса зияны жоқ. Адам ағзасындағы қан жасау органдары жаңа қан элементтерін жасап шығарады. Қан тапсырып тұру дұрыс деп ойлаймын. Бұл қан қазір өте қажет. Осында өзім тіркеуде тұрмын. Қан қажет болған кезде шақыртады.

Бұл игі шараға ішкі істер органдарының барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері атсалысты. Енді олардан жиналған қан арнайы зерттеуден  өтеді. Жарамды деп табылған қан плазмалары тиісінше ауруханаларға жөнелтіледі. Қазіргі кезде түмендік кардиохирургтар жүрегінде ақаулары бар балаларға Петропавлда ота жасауда. Ем алушыларға қан аса қажет болып тұр. Сондықтан әр миллиграмы алтынға барабар, грамдап жинап жатырмыз дейді қан орталығының мамандары.

 Сартай Қоспанов, СҚО қан орталығының бастығы:
 –  Осы тапсырылған қанның көп бөлігін босанатын әйелдерге  және кішкентай балаларға береміз. Екінші қалалық ауруханада кардиохирургия бөлімі ашылды. Оларға біраз қан керек. Халықтың түсінігі дұрыс, келіп тапсырады. Бірақ бұрынғыдай емес, тапсырушылардың саны аз.

Ай сайын кемінде орталықтың қорынан ауруханаларға 50-60 литр қан бөлшегі жіберіледі екен. Ал оны жинау үшін 1,5 мың донор қажет.

Жеңіс Ермұқанов