Құқық қорғау органдары

17 жыл өмірін колонияда өткізеді

 

 

 

  

2008 жылдың маусымында спирттік ішімдік ішу  барысында сотталушы Ильин мен Семенова деген әйелдің  арасында жанжал туады. 2 мәрте сотталған Сергей Ильин өзінің бөтелкелесіне бірнеше рет пышақ сұққан. Жарақаттанған әйел бірден көз жұмады. Ильин  онымен қоймай, өлген әйелдің басын балтамен шауып, отқа жаққан, ал денесін аулаға көміп тастаған. Осындай зұлымдықтың куәгері болған қылмыскердің көңілдесі жанын сақтап қалу үшін  2 жыл бойы болған оқиға жайында тіс жармаған. Одан әрі үнсіз жүре беруге  шыдай алмаған ол полиция бөліміне келіп, арыз жазады. Қылмыскердің тағдырын шешуге алқа билер де араласты.  

  Сергей Максимов, алқа билер мүшесі:
 – Біз Сергей Ильиннің бұрын сотталғанын не сотталмағанын білмедік. Алқа билерге қысым жасамау және әділ үкім шығаруға кедергі келтірмеу үшін тергеу барысында мұндай мәлімет жарияланған жоқ.

Бауыржан Баймұрзин, қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы:
 -Сот Ильин Сергей Фёдоровичті осы қылмысқа кінәлі деп тапты. ҚР ҚК 96- бабы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын ерекше  тәртіптегі түзету мекемесінде өтесін.

Сонымен қатар қылмыскер колонияда маскүнемдіктен мәжбүрлеп  емделетін болды.

Айдана Демесінова