Мәдениет

Тәуелсіздік күніне арналған концерт

 

 

 

 

 
19 жылдық бедерлі белесті артқа тастап, нұрлы күнге жеткен еліміз үшін Тәуелсіздік күні – ең басты мереке. Қазірде жер-жерде тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Егемен еліміздің жетістіктерін ән мен жырға солтүстікқазақстандық өнерлі жастар да қосып, қала тұрғындарына “Елім менің” концертін ұсынды.

  Жанат Мұхаметжанов, тілдерді  дамыту басқармасының бөлім бастығы:
 -Тәуелсіздіктің 19 жылдығында жеткен жетістіктерімізді, тілімізді, мәдениетімізді насихаттау мақсатында осы концертті ұйымдастырып отырмыз.
Ол жыл сайын өтеді. Тәуелсіздікті атап өтуде жылдан-жылға үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз.

Қала тұрғындарының көзайымына айналған “Қуанамын”, “Қарлығаш” би ансамбльдері кешке жиналған жерлестерімізге республикамызда тату- тәтті өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың ұлттық билерін ұсынды. Ал “Капелькидің” әншілері қазақ әнін қаншалықты мәнерімен орындаса, олардың мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшыныстары да соншалық.

  Евгения Пилипенко, “Капельки” ансамблінің әншісі:
 -Тәуелсіздік күні әр азамат үшін басты мереке. Бәрімізді құттықтаймын.
Руслан Елембаев, №5 лицейдің мұғалімі:
онцертке “Атамекен” әнімен келіп отырмын. Расында бүгін үлкен мереке. Ол бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан мерекені жылда жақсы қарсы алып жатырмыз. Елімізге жақсылық тілеймін.

Салтанатты шара әр көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, елге деген патриоттық сезімін ұштай түскені сөзсіз.

  Күнсұлу Мурникова:
еле жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Біздің Қазақстанымыз өркендей берсін. Өнерлі жастар көп екен. Соған қуаныштымыз.

 Кәусар Аяпбергенқызы