Бизнес және экономика

«Бизнестің жол картасы» аясындағы жоба

 

 

 

 

«Иван Зенченко» ЖШС Даму қоры арқылы алған несиені желілік элеваторды іске қосуға жұмсамақ. Сонымен қатар, 30 мың тонна бидай сақтауға арналған құрал-жабдық сатып алынады. Жоба шамамен 600 млн теңгеге бағаланып отыр. Бүгінде тиісті қаржының тең жартысы игерілді. Қалған жұмыстарды «Даму» қоры арқылы екінші дәрежелі банктен алған несиеге жалғастыру жоспарланған. Серіктестік басшысы 250 млн теңгені «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы рәсімдейді . «Даму» қоры банктік несиенің 50 пайызына өз кепілдігін беріп отыр.

  Геннадий Зенченко,  “Иван Зенченко” ЖШС директоры:
Бізге бұл жұмыстарды өз қаражатымызға жалғастыра беруге болар еді. Алайда, «Даму» қорынан БТА Банкінен қарыз алуға кепілдеме беруді сұрадық. Өйткені қолдағы ақшаны басқа шаруаларға бағыттауды жоспарлап отырмыз. Егер барлығы ойдағыдай жүріп кетсе, келесі жылдың мамыр айында элеваторды іске қосамыз.

Элеватордың құрылысы үстіміздегі жылдың маусым айында басталған. Құрал-жабдықтар АҚШ-тан  жеткізілді. Геннадий Зенченконың айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру бидай сапасын жақсартуға септеспек, өйткені астықты сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасалады. “Даму” қорының басшылығы   кәсіпорынға әрі қарай қолдау көрсетуге әзір екендігін білдірді.

 Болат Мұқышев, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ басқармасының төрағасы:
Бізді «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының алғашқы жемісін беріп жатқаны қатты қуантады. Біз 1 млн доллар көлемінде кепілдеме береміз. Әрі қарай қосымша қаржылай қолдау көрсетуге де дайынбыз.

Облыста “Иван Зенченко” ЖШС-нен өзге «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында   Киров атындағы зауыт пен «Золотые поля» ЖШС  жұмыс істеуде. Ал барлығы «Даму» Қорының банк несиелері бойынша кепілдеме беру қызметін пайдалануға республикамыздан 23 жоба иесі ниет білдірген. Алайда оның тек 4-уі ғана Даму қорының келісімін алған.

Гүлден Сәрсенбаева