Қоғам

«Өрле, нығай, Тәуелсіз Қазақстан!»

 

 

 

  
Көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқала бастағалы 19 жыл өтті. Осы уақыт аралығында бірталай жетістіктерге қол жеткіздік. Дөңгелек үстелге қатысқандар осы мәселе төңірегінде сөз қозғап, әрбірі өз ұйымы мен мекемесінің атқарған  жұмысы жайлы баяндады.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
Бүгінгі дөңгелек үстелде еліміздің тәуелсіздік жолына шолу жасамақшымын. Негізгі айтатыным,   алдымен тәуелсіздікдің алғашқы жылында қабылданған документтер, одан кейін өзіміздің жұмысымыз, мысалы, осы он жылдың ішінде “Асыл мұра” орталығы 45 кітап шығарды. Және мұның барлығы Солтүстік өңірдің тарихына байланысты.

Аз уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай тың істер игерілсе, мұның барлығы Елбасымыз – Нұрсұлтан Назабаевтың бастамасымен жүзеге асты дейді қалалық мәслихаттың депутаты Жангелді Тәжин

  Жангелді Тәжин,қалалық мәслихат депутаты, саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директоры:
 –Осы жолда елді басқарып келген халық көшбасшысы туралы айтып кету керек. Әрине, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлем мемлекеттерінің арасындағы абыройының арқасында осы соңғы жылдары біз ЕҚЫҰ-на төраға болып, 11 жыл өткізбеген саммитті өткізіп, осындай абыройға бөленіп отырмыз.

Жиын барысында тәуелсіз 19 жылда қол жеткізген жетістіктер айтылып, алдағы уақыттың еншісіндегі міндеттер айқындалды.

Айдана Демесінова