Спорт

Каратеден шеберлік сабағы

 

 

 

 

Екі күн бойы білікті жаттықтырушының сабағына қатысу мүмкіндігі күнде берілмейді. Сондықтан бүгін залға облыстың әр түкпірінен жас каратешілер көптеп жиналды. Олар ұстаздың көрсеткен қозғалыстарын лезде ұғып алып, ептіліктерін көрсетіп жатыр. 37 жастағы Демиджан Әділет шығыс жекпе-жек өнерінің әдіс-тәсілдерін 6 жыл қатарынан Жапонияда үйреніп жүр. Өз тәжірибесін Қазақстан жастарымен бөлісуге қуана келіскен. Бізге дейін 4 данның иегері Астана, Қарағанды, Павлодар, Семей және Алматы каратешілерінің біліктіліктерін сынап келіпті. Енді солтүстіктің мықтыларымен кездесетін кез келді.

  Демиджан Әділет, ҚР шиханы:
алалардың дайындықтары өте жақсы. Оны олар қазірден бастап көрсетіп жатыр.

Каратенің отанында тәлім алып келген шебердің сабағы жастар үшін болашаққа бағыт берер жақсы мектеп бола алады дейді Владимир Витченко.

  Владимир Витченко, «Бүкілқазақстандық кёкушинкай-карате ұйымы » СҚОФ
директор
ы:

-Балалар Жапонияны өте алыстағы арман ел деп ойлайтын. Енді міне, біздің ұстаздарымыз да шетелдіктерден еш кем еместігіне көз жеткізді.

Алдағы аптада Таразда қыздар арасында ел чемпионаты басталмақ. Онда өңір намысын қорғайтын 25 қыздың бірі Айнагуль Бауэнова.

  Айнагүл Бауэнова, кёкушинкай-каратеден ҚР құрамасының мүшесі:
 – Алғашқы күні ұстаз біздің жіберген қателерімізді көрсетіп, түзейді. Ал келесі күні белбеуімізді қорғаймыз. Осы жолы көрген-білгенім алдағы үлкен сында көп көмектесетініне сенімдімін.

Шеберліктерін паш ете алған каратешілер тиісті белбеу иегері атанады. Ал жолы болмаған спортшылар келесі жылғы аттестацияға дейін тағы да шыңдала бермек.

Кәусар Аяпбергенқызы