Білім

Ұстаздар байқауы

 

 

 

 

 

“Жүзден жүйрік” облыстық байқауы – орыс тілінде сабақ беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында өтетін жарыс. Биыл білім сайысына қатысуға 14 оқытушы бел буыпты. Теориялық, тәжірибиелік және ғылыми-әдістемелік тапсырмалардан тұратын додада ұстаздар қауымының біліктілігі жан-жақты тексеріледі.

  Сандуғаш Бәйкенова, облыстық білім жетілдіру институтының тіл пәндері кабинетінің меңгерушісі:
Жарыс 3 турдан тұрады. Мақсатымыз мұғалімдер жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды тәжірибеде қалай пайдаланып, енгізіп жүр? Сол қабілеттерін ашу.

“Жүзден жүйрік” байқауының алғашқы кезеңінде мұғалімдер педагогикалық жобаларын ұсынып, сабақта қолданып жүрген әдістемелерді көрсетеді. Екінші турда сайыскерлер нормативтік-құқықтық құжаттардағы терминдердің мағынасын ашып, психологиялық тапсырмаларды орындайды. Ал қорытынды кезеңде қала мектептерінің бірінде сабақ өткізіп, тәжірибесімен ерекшеленуі тиіс

  Елубай Рахметов, фестивальға қатысушы:
 – Негізгі мақсатым өзімнің сабақта өткізетін тиімді әдіс-тәсілдерімді көпшілікке ұсыну. Жаңа технологияларды тиімді пайдалану әр оқушыға себін тигізеді деген ойдамын.

Ұстаздардың екінші бір тобы  “Инновациялық жобалар” фестиваліне қатысуда. Бір ерекшелігі, “жүзден жүйрік атанамын” дегендерден гөрі, ғылыми еңбекпен шұғылданған оқытушылар қатары әлдеқайда қалың.

  Сандуғаш Бәйкенова, облыстық білім жетілдіру институтының тіл пәндері кабинетінің меңгерушісі:
– Жарыс екі бөлімнен тұрады.  Тақырып – “Бүгінгі таңда оқу-тәрбие процесінде қандай ерекшеліктер мен жаңалықтар бар?”
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.

5 секциядан құралған жарысқа 70-тен астам автор өз еңбегін ұсынған. Фестивальдағы жұмыстар оқуға қатысты жаңа технологиялар мен оқу-тәрбие ісі тақырыптарында жазылған.

  Гүлмира Кәрімова, № 17 ұлттық өркендеу мектеп кешенінің директоры:
Осы фестивальға қатысатын мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасайтын, жаңашыл, зерттеуші мұғалім болуы қажет. 12 жылдық жүйеге көшу үшін әр мұғалім зерттеушілік қабілетін дамытуы керек.

Байқау жеңімпаздары анықталған соң олардың жобалары мен еңбектері орта білім ошақтарында   қолданысқа енгізіліп, зерттелетін болады.

Гүлден Сәрсенбаева