Ауыл шаруашылығы

Әр сиырдың өз төлқұжаты болады

 

 

 

 

Малдарды жаппай идентификациялау жұмысы облыста 2011 жылы басталады. Жауапты науқанға бір ай қалғанда ветеринарлар осы бағытта алған білімдерін тағы бір пысықтауды жөн көрген.

 Берік Әлжанов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы:
 -Шілдеде оқыту аудандарда өткізілді. Бұл семинар білімдерін бекіту үшін жасалып жатыр.

Серік Исқаков Мағжан Жұмабаев ауданында мал дәрігері болып жұмыс жасайды. Онда қара малдың басы 37 мыңға тартады. Келесі жылы Серік Исқаков бастаған ауданның ветеринарлары осы малдарды тегіс біртұтас ақпараттық жүйеге енгізуі керек. Онымен қоса барлығына штрих- кодпен малдың саны жазылған бір түсті сырға тағылады. Әрбір та­уар­лы өнім шығаратын ферма еліміз бойынша ұйымдастырылып отырған біртұтас электрондық ақпарттық жүйеге қосылуы тиіс. Жүйеден жаңа туған бұзауға дейін бір де бір бас мал тыс қалмауы көзделеді. Өйт­ке­ні, біріншіден, қатаң есеп керек. Екіншіден, әрбір малдың идентификациялық нөмірі, тұ­қым­дық тегінен бастап, барлық мәліметтері анық болуы керек.

Серік Искаков, мал дәрігері, М.Жұмабаев ауданы:
 – Малдың жасы, түсі, иесі, аурулары, егілген вакциналар,  барлығы түсіріледі. Малды сыртқа жіберсе, не сойса, оны тізімнен алып тастаймыз.

Жалпы бұл жұмыстарды жүргізуге деп республикалық бюджеттен облысқа 72 млн теңге бөлінді. Алғашқы кезеңде жүйеге ірі қара мал енеді.

Дана Ғизатова