Мәдениет

Тастар бағы

 

 

 

 

 
Мұнда 400-ден астам тасты көруге болады. Көпшілігі   Владимир Ягодкиннің жеке коллекциясынан алынған. Әрбіреуінің өзіндік тарихы бар. Мәселен, табиғи чароиттің бір ғана қазбасы табылған. Оның өзінде ерекше тастың қоры таусылып жатқан көрінеді. Осындай табиғи өнімді жоғары бағалайтын адамдар    көк дәрі жағып қойғандай көрінетін «диоптаз» тасы үшін көп мөлшерде қаржы жұмсауға дайын. Одан өзге ботаникалық бақта таң қаларлықтай әсем «ақық» тасы да бар. Бұл – отбасылық жәдігер.

Владимир Ягодкин, «Жас геолог» үйірмесінің жетекшісі:
Мына агат менің қызым Аннаның туған күніне сыйланды. Анна дүниеге келгенде тасты жұбайыма сыйлағанмын. Енді әшекей бүгінге дейін үй коллекциясында сақталып келеді.

Кейде әдемі өрнегі бар тастың ерекше нұсқасын іздеп, бірсыпыра километр жүріп өтуге тура келеді,-дейді Владимир Ягодкин. Осыдан бірнеше жыл бұрын «яшманы» іздеп табу үшін жерлесіміз Оралға саяхатқа аттанған екен. Сапар 3 аптаға жуық жалғасқан.

Владимир Ягодкин, «Жас геолог» үйірмесінің жетекшісі:
Әйтеуір станцияға дейін жеттім. Қорғанда түсіп, содан электричкамен Петропавлға келу керек болды. Салмағы қанша екендігін білу үшін 2 дорбаны Қорғанның дүкендерінің біріндегі таразыға қойдым. Маған 71 келі деді. Сондағы өзімнің салмағым 63 кг ғана.

Владимир Владимировичтің айтуынша, әр тастың ерекше қасиеті бар. Сондықтан яшма да, ақық та, тау хрусталі де адамға энергия бере алады.

 Владимир Ягодкин, «Жас геолог» үйірмесінің жетекшісі:
– Олар оң энергетиканы бөледі. Қариялар көрмеден шыққаннан кейін біраз жеңілденіп, жағдайлары жақсарғандығын айтады.

Наталья Фахрисламова бастауыш сыныптарда сабақ береді. Саяхат барысында мұғалім тас кесіндісінде жасырылған суретті анықтап берді.

 Наталья Фахрисламова:
– Бүгін тастар бағына келіп, жақсы әсер алдым.
Сан түрлі тастар бар. Мысалы, мына жерге қарасақ, ағаштарды көреміз.

Көрмеде ертеректе айнаның орнына пайдаланылған тастарға да орын берілген. Мысалы “Пиритті” әдемі жиектемелерге орналастырған нәзік жандар оның алдында шыр айналыпты-мыс. Көркем кристаллдарды үйде де өсіруге болады. Мысалы, тұз қосылған ыстық суға жіпті салсақ, біраз уақыттан кейін оның бойында ақ түсті өнер туындылары пайда болады. Алайда, «Жас геолог» үйірмесіндегілер басқа материалдарды қолданады.

 Владимир Ягодкин, «Жас геолог» үйірмесінің жетекшісі:
– Балалармен бірге кәдімгі мыстың күкірт қышқылын сатып алып, еземіз. Міне осындай әдемі мыс купоростарының кристалдарын өндіреміз. Олармен шыршаны безендіруге болады.

Осында тұрған геолог баланың керамикалық бейнесі «Тастар бағының» қорғаушысы мен эмблемасы деп есептеледі. Оны оранжереядағы көрмеге келушілердің бірі өз коллекциясынан уақытша берген екен.

Айдана Демесінова