Білім

Мектеп мерейтойы

 

 

 

 

 

10 жылды артқа тастаған оқу ошағының жетістіктері бүгінгі таңда ауыз толтырып айтарлықтай. Ағымдағы жылы  №20 орта мектеп ҰБТ-ден 95,8 ұпайға ие болып, қаладағы білім ошақтарының арасынан екінші орынға тұрақтады. Үнемі көш алдында жүретін ұжымның зор еңбегі облыс әкімінің тарапынан ескерусіз қалмады. Өңір басшысының атынан мектепке жеңіл автокөліктің кілті тапсырылды.
Сапалы білім беру мақсатында әрдайым жаңа әдістемелік, инновациялық технологияларды қолданатын оқу ордасы үнемі ізденісте. Биыл ұжым өзін-өзі тану пәні бойынша 2003 жылы бастаған эксперименттік жұмыстың қорытындысын шығарды. Алайда мектеп директоры Шарғия Мұқышева осы алған бетімізден қайтпаймыз дейді.  

  Шарғия Мұқышева,  № 20 орта мектеп директоры:
– 10 жылдың ішінде мектеп бітірген түлектердің арасында 58 грант иегері бар.
Олардың көбі білім және т.б. салада еңбек етіп жүр. Көптеген тағы да мақсаттарымыз бар.

Айтулы мереке күні бір топ ұстаздар  көпжылдық   еңбегі үшін грамоталармен марапатталды.

  Гүлім Хамизина,  № 20 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
 -Алғаш ашылған жылы әр мектептен келген балалардың білім дәрежесі әр түрлі болатын. Осы кезде мектеп ең алдымен білім сапасын көтеруді мақсат етті. Сол ойлағанымызға 10 жыл ішінде жеттік. Атқаратын істеріміз көп.

№ 20 мектепті 2011 жылы 15 түлек аяқтайды. Олардың арасында Алтын белгі мен қызыл аттестатқа үміткерлер де бар.

Гүлден Сәрсенбаева