Мәдениет

Мүсіншілер байқауы

 

 

 

 Байқауға қатысушылар қар үйінділерінен қиялдарына ерік бере отырып,  алда келе жатқан Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі мен 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған алау эстфетасы тақырыбында мүсін оюы керек.Қол ара мен күрек –  байқауға қатысушылардың басты құралдары. Ал қар – ең негізгі материал. Жарыста мүсіншілерге толығымен шығармашылық еркіндік берілді. Тек тақырыптан ауытқымаса болғаны.
 

 Андрей Попов,  сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:
-Сәулет және қала құрылысы бөлімі әкімшіліктің қолдауымен осы байқауды ұйымдастырып отыр.
Жарыс сағат таңғы 10-нан кешкі төртке дейін жалғаспақ. Бізге арнайы сәулет өнерінің мамандары келді. Байқауға қатысушылар олардан мүсін жасауға қатысты кеңес ала алады.

Байқауға   10 команда қатысты. Әр топ өзімен бірге туынды нұсқаларын  дайындап келіпті. Мәселен, «Университет» құрамасы аз уақыттан кейін өмірімізге енетін қоян жылына орай мүсін оймақшы.

  Әбілсейіт Хамилин,  «Университет» командасының мүшесі:
 – Мен бұрындары саздан, пластилиннен мүсін жасап көргенмін.
Қармен алғаш рет жұмыс істеп тұрмын. Қолымнан келеді деген ойдамын.

Байқау қорытындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ командасы мен Петропавл тұрғыны Жамбыл Қалиев жеңімпаз атанды. Енді олар мереке қарсаңында тұрғызылатын 22 қалашықтың бірінде өздерінің туындыларын тұрғызу құқығына ие.

Гүлден Сәрсенбаева