Өнеркәсіп

Ұлттық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылады

 

 

 

 

 

Үдемелемі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Қазақстанда жалпы құны 805 миллиард теңгенің 152 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. 72 жоба алғашқы жартыжылдықта жұмысын бастаған. Ал жылдың екінші жартысына жоспарланған 80 жобаның 23-і бүгінде жұмыс істеп жатыр. Қалған 57-сін жыл соңына дейін жүзеге асырып, іске қосу міндеті тұр. Желтоқсанның 21-і осы жобалардың ішінен іріктелген 8-і  Елбасына телекөпір арқылы тапсырылады. Осы күні Астанадағы “Қазақстан” концерт залында “Алтын сапа” номинациясына иегерлер, Қазақстандағы үздік тауар шығарушылар мен әлеуметтік жауапкершілік бойынша “Парыз” сыйлығының жүлдегерлері марапатталады. Премьер- министр үкімет мүшелері мен өңір басшыларына жобалардың бүгінгі жағдайын нақтылап, жауапты шараға дайындалуды тапсырды. Осы бағытта атқарылған жұмыстар жайында облыс әкімдері есеп берді.

Серік Біләлов, СҚО:

-Екінші жартыжылдықта төрт жобаны жүзеге асыруымыз керек еді. 3-уін іске қостық. Төртіншісін желтоқсан айында бастаймыз. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр.

Республикалық селекторлық кеңестен кейін облыс әкімі Серік Біләлов орынбасарлары мен басқарма басшыларына келесі жылға жоспарланған жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.

  Серік Білілов, СҚО әкімі:

-Әзірге келесі жылға үш жобаны жоспарлап отырмыз: “Сырымбет” тау-кен комбинаты, “Новоишим” сүт өңдеу зауыты, “Наурыз -2030” жылыжай кешені. Тағы өзге жобаларды да қарастыру керек.

Сондай-ақ осы күні облыс әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметіне Анатолий Коның тағайындалғанын хабарлады. Ол осыған дейін 3-ші қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған болатын. Ал басқарманың бұрынғы бастығы Ерік Байжүнісов денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
 

Әсем Сембина