Спорт

Баскетболшылар жарысы

 

 

 

Турнирде 7 команда сынға түсті. Өткен жылы олардың саны 9 болса, биыл қаржы мәселесіне байланысты сайыскерлердің саны қысқарған. Бұл – командалардың ойын алаңында осы чемпионат барысында 2-ші мәрте кездесуі.

  Михаил Дедов,  Республикалық баскетбол федерациясы филиалының директоры:
 – «Жеңіс» спорт мектебінде ерлер арасында баскетбол ойынынан 19-шы чемпионаттың 2-ші кезеңі өтуде. Ойынның аяқ алысы жаман емес. Спортшылар жақсы жаттыққан. Ширақ қимылдайды.

Жарыстың көшбасшылары саналатын алматылық “ЦСК” және шымкенттік “Қазығұрт” жиылған қауымға қызу да тартысты ойын көрсетті. Шымкент қаласында өткен жарыстың 1-ші кезеңінде жеңіліс тапқан “Қазығұрт” ойыншылары бұл жолы алматылықтарға дес бермеді. Шымкенттіктер “ЦСК” ойыншыларынан 7 ұпайға басым түсті.

  Асқар Сейтмұхаметов,  “Қазығұрт” командасының мүшесі:
 – Баскетбол – бұл командалық ойын. Сондықтан да мұнда жалғыз адамның емес, ұжым бірігіп қимыл жасауы маңызды. Бұл сынға команда бар күшін жұмсады. Ойын біз үшін сәтті өтті. Сондықтан да ризамын.

Командалар 5 кезеңде күш сынасады. Олимпиадалық жүйе бойынша жеңілген командалар сыртқы ығыса береді. Алайда чемпионат шарттары нақты бекітілген жоқ. Турнир ережелері ұйымдастырушылар тарапынан әлі де қаралуда

Айдана Демесінова