Әр түрлі

Прокурорлар «Мейірімділік» акциясын бастады

 

 

 

 

Бұл Есіл ауданы прокурорларының  түзету мектеп- интернатының бүлдіршіндерін алғаш қуантуы емес. Бұған дейін олар талай мәрте заң тұрғысында дәрістер оқып, түрлі тақырыпта кездесу ұйымдастырған болатын. Бұл жолы да құр қол келмепті. Тәуелсіздік күні мен заңгерлердің мерекесі қарсаңында оқушылар жаңа түрлі-түсті теледидарға ие болды. Біздің тартуымыз мектеп игілігіне жарайтынына қуаныштымыз дейді қонақтар. Сабақтан бос уақытта ермек болар көгілдір жәшік меймандар ала келген жалғыз тарту емес. Мүмкіндіктері шектелген балаларға Есіл ауданының өнерлі жастары мерекелік концерт дайындапты.  

 

Кәусар Аяпбергенқызы